ЖІӨ 300 млрд доллардан асты: Тоқаев Қазақстан экономикасының тарихи межеге жеткенін мәлімдеді

дереккөз фото:Aikyn.kz. сайты

Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.

Отырыс барысында Президент Қазақстан экономикасы үшін маңызды тарихи көрсеткішке қол жеткізілгенін айтты. Оның мәліметінше, елдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет 300 миллиард АҚШ долларынан асты.

Мемлекет басшысы бұл көрсеткіш ел экономикасының тұрақты дамуының, жүргізіліп жатқан реформалар мен инвестициялық саясаттың нәтижесі екенін атап өтті. Сондай-ақ Президент экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.

Жалпы ішкі өнімнің 300 миллиард долларлық межеден асуы – Қазақстанның экономикалық әлеуеті артып, халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің күшейгенін көрсететін маңызды тарихи көрсеткіш ретінде бағалануда.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда ауыз су саласындағы халықаралық әріптестік талқыланды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Отырарда Шәмші Қалдаяқовқа арналған мерекелік концерт өтті

berdaly_oraz