Түркістанның мақтанышы: Әлем чемпионы Ермек Құралбайға тұлпар тарту етілді

Ермек Құралбай Татарстанның Қазан қаласында өткен ересектер арасындағы аударыспақтан әлем чемпионатында топ жарып, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

70 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған балуан барлық қарсыласынан басым түсіп, мансабында екінші рет әлем чемпионы атанды. Бұл – қазақтың ұлттық спортының халықаралық аренадағы тағы бір жарқын жетістігі.

Әлем чемпионын туған жері Түркістанда ерекше құрметпен қарсы алды. Түркістан қаласындағы атшабарда өткен салтанатты шарада жанкүйерлер мен спорт сүйер қауым чемпионға ыстық ықыласын білдіріп, демеушілердің қолдауымен тұлпар мінгізді.

Өз сөзінде Ермек Құралбай алдағы басты мақсаты – алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көріну екенін айтты.

Ел абыройын асқақтатқан чемпионның бұл жеңісі – ұлттық спорттың дамуына серпін беріп, жас спортшыларға үлгі болатын тарихи жетістік.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ПАТРИОТТЫҚ РУХТЫ КӨТЕРГЕН АУҚЫМДЫ ШАРА ӨТТІ

АУЫЛ БИЛЕРІ МЕДИАЦИЯ НЕГІЗДЕРІН МЕҢГЕРІП, РЕСМИ ҚҰЖАТТАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

berdaly_oraz

САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo