Алматыда адвокаттар алқасының адвокаты парақорлығы үшін сотталды

Алматыда мемлекеттік органдарға пара беруге итермеледі деген айыппен үш адамға сот үкімі шықты. Медеу аудандық соты Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Р. Наинбаев пен қала тұрғындары Д. Тұяшев және Г. Сәкеноваға қатысты істі қарап, оларды кінәлі деп таныды.

Тергеу материалдарына сәйкес, сотталғандар бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй ретінде заңдастыруды уәде етіп, азаматтарды мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына 30 миллион теңгеден астам пара беруге көндірген. Алайда бұл іс алаяқтық және арандату әрекеті ретінде қаралып, сот оларды жазалауға шешім қабылдады.

Сот үкімі бойынша:

Г. Сәкенова – 7 жылға,

Д. Тұяшев – 4 жылға,

Р. Наинбаев – 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, оларға мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Алайда соттың бұл шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 300 миллион теңге жымқырған үш полицей мен кәсіпкер сотталды

berdaly_oraz

Арыста кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ЕЛ ЫНТЫМАҒЫН НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Пікір жазу