Конституциялық соттың шешімі: саяси тұрақтылық пен құқықтық сабақтастықтың кепілі

дереккөз фото: Aikyn.kz.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық соттың бүгінгі түсіндірмесі жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты туындаған рәсімдік мәселелерге құқықтық жауап бергенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, бір реттік өкілеттік мерзімі туралы талап жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін тағайындалатын лауазымды тұлғаларға ғана қолданылады. Бұл қағида Жоғарғы сот төрағасы, Бас прокурор, Конституциялық соттың төрағасы мен судьяларына қатысты белгіленген. Сондай-ақ дәл осы құқықтық ұстаным Президенттің жеті жылдық бір мерзімге сайлану нормасына да сәйкес келеді.

Ерлан Қарин Конституциялық соттың түсіндірмесі ешкімнің автоматты түрде тағайындалатынын немесе сайланатынын білдірмейтінін атап өтті. Ол тек заң жүзінде мұндай мүмкіндік бар екенін айқындайды.

Оның сөзінше, бұл шешім – Қазақстандағы жаңа мемлекеттік-саяси модельді қалыптастыруға бағытталған конституциялық реформалардың заңды жалғасы. Елімізде жаңа институттарды іске қосу және саяси жаңғыру жұмыстары жоспарлы түрде жалғасып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

2025 жылы Түркістан облысындағы 41 елді мекенге табиғи газ жеткізілді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «IT JAS IQ» ОБЛЫСТЫҚ РОБОТОТЕХНИКА БАЙҚАУЫ ӨТТІ

berdaly_oraz

Қылмыс азайды, іздеудегі 574 қылмыскер қолға түсті

Redaktor Arysinfo