Қазақстан 2026–2027 жылдары жеті әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды. Бұл – еліміздің халықаралық спорт қауымдастығы алдындағы беделі мен ұйымдастырушылық әлеуетінің артқанын көрсететін тарихи жетістік.
2026 жылы еліміз күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдаса, 2027 жылы Астанада бокс, дзюдо, үстел теннисі, таеквондо, киберспорт және шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттары өтеді.
Мұндай ауқымды жарыстар Қазақстанның спорт инфрақұрылымын дамытуға, жастарды спортқа баулуға, оқиғалық туризмді жандандыруға және елдің халықаралық имиджін нығайтуға жаңа серпін береді.
