Туған күнінде жоғалған: Маңғыстауда 18 жастағы жігітті іздеу жалғасып жатыр

Маңғыстау облысында Каспий теңізіне батып кетті деген болжаммен із-түзсіз жоғалған 18 жастағы жігітті іздестіру жұмыстары бірнеше тәуліктен бері тоқтаусыз жүргізілуде. Ол туған күнінде демалыс орны маңында жоғалып кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 53 маман, 6 техника, 3 қайық, 10 сүңгуір және әуеден бақылау жүргізетін 8 дрон жұмылдырылған. Құтқарушылар теңіз түбі мен жағалау аумағын мұқият тексеріп жатыр.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылып, судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында май құю бекетіндегі жарылыстан үш адам зардап шекті

Түркістан: Қабылдауда сан түрлі мәселелер тыңдалды

Заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша арнайы мобильді топтар жұмыс істейді