Тоқаев дипломатиялық корпусты жаңартты: бірқатар елге жаңа елшілер тағайындалды

дереккөз фото: turkystan.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктерінде кадрлық өзгерістер жасалды. Қырғызстан, Қатар, Мажарстан және Сербияға жаңа Төтенше және Өкілетті Елшілер тағайындалып, бұрынғы елшілер қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Үндістандағы Қазақстанның елшісі Азамат Есқараев Бангладеш, Бутан, Мальдив және Непалдағы Қазақстанның елшісі қызметін қоса атқаратын болды. Бұл шешім Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы дипломатиялық байланыстарын күшейтуге бағытталған.

Ақорданың мәліметінше, жаңа тағайындаулар сыртқы саясаттағы басым бағыттарды тиімді жүзеге асыруға және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жазғы сауықтыру маусымы басталды

ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ: ТҮРКІСТАНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес шаралары басталды

berdaly_oraz