Астанада Telegram арқылы есірткі саудасын ұйымдастырды деген күдікті қолға түсті

дереккөз фото: turkystan.kz. 

Астанада құқық қорғау органдары Telegram мессенджері арқылы есірткі сатумен айналысты деген күдікке ілінген азаматты ұстады. Тергеу мәліметінше, күдікті интернет арқылы тапсырыс қабылдап, тыйым салынған заттарды жасырын орындарға қалдыру тәсілімен таратқан.

Жедел іс-шара барысында күдіктінің заңсыз әрекетіне қатысты айғақтар тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды. Қазір оның басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл аясындағы жұмыстар жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА МӘСЕЛЕЛЕР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Ордабасы ауданында Наурыз мейрамында қонақтарға 1 тонна наурыз көже таратылды

berdaly_oraz

Тоқаевтың жаңа талабы: Парламент цифрлық дәуірге толық көшуі тиіс

Redaktor Arysinfo