Қоқыс маңынан табылған сәби жаңа отбасының қамқорлығына өтті

дереккөз фото:Aikyn.kz.

Ақтөбеде қоқыс маңынан табылып, елді елең еткізген нәресте жаңа отбасының қамқорлығына берілді. Бұл туралы Ақтөбе облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, сәбидің биологиялық анасы әлі күнге дейін анықталған жоқ. Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау және іздестіру шаралары жалғасуда.

Дәрігерлердің бақылауында болған нәрестенің жағдайы тұрақталғаннан кейін, ол уақытша қамқорлыққа алынып, кейін оны асырап алуға ниетті отбасыға табысталды.

Құқық қорғау органдары сәбиді өмірге қауіп төндіретін жағдайда қалдырған адамның кім екенін анықтау бағытында тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ал қоғамның назарын аударған бұл оқиға сәбидің жаңа отбасында мейірім мен қамқорлыққа бөленуіне мүмкіндік берді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовты әлдекімдер атып кетті

berdaly_oraz

Түркістан облысында өндіріс кезінде болатын жазатайым оқиғалар 13 пайызға азайған

Түркістан облысына тәжірибе алмасу үшін Ақтөбе облысының делегациясы келді