Қазақстандық 12 боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан U19 және U23 жас санаттары арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті жетістікке қол жеткізді. U23 санатындағы жартылай финалдық жекпе-жектердің қорытындысы бойынша ел құрамасының 12 өкілі алтын медаль үшін таласуға мүмкіндік алды.

Финалға жолдама алған спортшылар қатарында қыздардан Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Анита Адишева (51 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Азиза Исина (70 келіге дейін) және Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) бар. Ерлер арасында Бексұлтан Боранбек (55 келіге дейін), Нұрасыл Төлебек (60 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Аман Қонысбек (75 келіге дейін), Өнер Сейілхан (80 келіге дейін), Темірлан Мұқатаев (85 келіге дейін) және Ибрагим Бетаев (90 келіге дейін) шешуші айқаста бақ сынайды.

Сонымен бірге Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) өз салмағында қарсыласы болмағандықтан, финалға тікелей жолдама алды.

Ал Аяжан Ермек (60 келіге дейін), Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары) және Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) жартылай финалда қарсыластарына есе жіберіп, Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

U23 жас санатындағы финалдық кездесулер 15–16 шілде күндері өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер ұлттық құраманың алтын медаль қорын толықтырады деген үмітте.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық боксшылар Коротков турнирінде топ жарды

Мексика құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Redaktor Arysinfo

«Түркістан Барысы» анықталды: Қайсар Шамшидинов қарсылас шақ келтірмеді

Redaktor Arysinfo