Сөре мен кассадағы баға сәйкес келмесе, тұтынушы не істеуі керек?

Супермаркеттерде жиі кездесетін заңбұзушылықтардың бірі – тауардың сөредегі бағасы мен кассадағы бағасының сәйкес келмеуі. Қазақстан заңнамасына сәйкес, сатушы тауарды витринада немесе баға жапсырмасында көрсетілген бағамен сатуға міндетті.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 24-бабына сәйкес, егер кассадағы баға жоғары болып шықса, тұтынушы тауарды сөреде көрсетілген бағамен сатып алуды талап етуге құқылы.

Мұндай талапты орындамаған кәсіпкерлерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 193-бабының 4-бөлігіне сәйкес айыппұл қарастырылған. Оның мөлшері кәсіпкерлік субъектісінің санатына байланысты белгіленеді.

Егер дүкенде баға көрсетілмесе, сөредегі және кассадағы баға сәйкес келмесе немесе тұтынушының өзге де құқықтары бұзылса, Түркістан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінуге болады. Өтінішті жедел желі нөмірлері, жазбаша түрде немесе E-Otinish жүйесі арқылы жолдауға мүмкіндік бар.

Мамандар тұтынушыларға мұндай жағдайда кассалық чекті сақтап, қажет болса баға көрсетілген сөрені фотоға түсіріп алуға кеңес береді. Бұл өз құқығыңызды қорғауға көмектеседі.

Ұқсас жаңалықтар

Төлебиде үкіметтік емес ұйымдардың «ТЕАМ ВUILDING» атты шарасы өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН 20 МЫҢНАН АСА АДАМ ӘКІМШІЛІК ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ

berdaly_oraz

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді