Тоқаев Қатар Әмірімен кездесті: қазақ-қатар серіктестігі жаңа деңгейге көтерілуде

дереккөз фото: Aikyn.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы әңгіме барысында қазақ-қатар қарым-қатынасының қалыптасуы мен нығаюына Қатардың бұрынғы Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің зор үлес қосқанын атап өтті.

Кездесуде екіжақты стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Қатар арасындағы жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тұрақты жалғасуы екі ел арасындағы байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететіні айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне арналған баспасөз орталығы жұмысын бастады

Redaktor Arysinfo

АҚШ–Иран мәмілесі мұнай нарығын өзгертті

Redaktor Arysinfo

ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ – АЗАМАТТЫҚ ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШІ

Redaktor Arysinfo