дереккөз фото:Aikyn.kz. 

Еліміздің гарнизондарында әскери міндеттілердің бір айлық оқу жиындары жалғасып жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – әскери даярланған резервті қалыптастыру, сондай-ақ запастағы азаматтардың әскери даярлығы мен практикалық машықтарын жетілдіру.

Оқу жиындары барысында қатысушылар жауынгерлік дайындық, атыс, тактикалық іс-қимыл, саптық және арнайы әскери пәндер бойынша білімдерін жаңғыртып, тәжірибелік жаттығуларға қатысады. Сонымен қатар олар заманауи әскери техника мен қару-жарақты қолдану дағдыларын меңгереді.

Мамандардың айтуынша, мұндай жиындар Қарулы күштердің жұмылдыру әзірлігін күшейтіп, төтенше жағдайлар кезінде әскери міндеттілердің өз міндеттерін тиімді орындауына мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы 440 мың теңгеге жетті

Түркістан облысында қауіпті қылмыскер ұсталды

Түркістанға әлемдік компанияның қызығушылығы артып келеді

berdaly_oraz