Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі Балқаш көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, ерлік көрсетті.
Оқиға кезінде офицер еш ойланбастан суға секіріп, көмекке мұқтаж болған баланы жағаға алып шыққан. Жедел әрі батыл әрекеттің арқасында баланың өміріне төнген қауіптің беті қайтарылды.
Бұл оқиға Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, төтенше жағдайда азаматтардың өмірін сақтап қалуға әрдайым дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
