Түркістан — субұрқақтар қаласы

Түркістан қаласы саябақтар мен субұрқақтардың саны бойынша республикада алдыңғы қатарда. Қазіргі таңда қала аумағында 100-ге жуық  субұрқақ іске қосылып тұр, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Әрбір субұрқақ өзіндік бірегей дизайнмен және стильмен ерекшеленеді. Олардың қатарында ұлттық нақыштағы және заманауи безендірілген туындылар да бар.

Шаһардың сәнін кіргізіп тұрған субұрқақтарды қала қонақтары мен тұрғындары сағат 10:00-ден кешкі 23:00-ге дейін тамашалай алады. Кешкі уақытта түрлі-түсті жарықтармен көмкерілген субұрқақтар ерекше кейіпке енеді.

Субұрқақтармен Түркістан тек тарихи-рухани ғана емес, сонымен қатар заманауи және жайлы қала ретінде қалыптасып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісай аудан әкімі пайдалануға берілген нысандардың жай-күйін тексерді

berdaly_oraz

Түркістан: Отбасын қолдау орталықтарында жыл басынан бері 4 мыңнан астам қызмет көрсетілген

Шымкенттің Су арнасы мемлекетке қайтарылады

Альфия Адамбек