Тоқаев пен Си Цзиньпин сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады

дереккөз фото:Aikyn.kz 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық айтарлықтай нәтижеге жеткенін атап өтті. Оның айтуынша, екіжақты тауар айналымы мен бірлескен инвестициялық жобалардың көлемі тұрақты өсіп келеді. Тараптар көлік-логистика, энергетика, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екендерін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Пәкістанда дүкен тонамақ болған қарақшы баланың әрекетінен көңілі босап, ақшаны кері қайтарды

berdaly_oraz

Арыста «Жас сарбаз-2025» сайысының үздіктері анықталды

berdaly_oraz

Шымкентте бәйшешек гүлдеді: көктемнің алғашқы белгісі

berdaly_oraz