Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте Серік Шәпкеновтің орнына келді.

Болат Ақшолақов – мұнай-газ және энергетика саласында мол тәжірибесі бар мемлекеттік қызметкер. Әр жылдары Энергетика вице-министрі, Энергетика министрі, Президенттің кеңесшісі және «KazEnergy» қауымдастығының төрағасы қызметтерін атқарған. Жаңа әкімнің алдында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, мұнай-газ саласындағы ірі жобаларды тиімді іске асыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы міндеттер тұр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының жастары “Qaisar-2025” патриоттық ойындарында жүлделі орынға ие болды

berdaly_oraz

Қазақстанда тағы бір демалыс күні пайда болуы мүмкін

Redaktor Arysinfo

Шардарада аудандық маңызды жолдың құрылыс жұмыстары басталды