13 жастағы Жасмина Түзелова «Славян базарында» жүлдегер атанды

Қазақстандық жас әнші Жасмина Түзелова Беларусьтің Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясындағы XXIII халықаралық балалар музыкалық байқауында үздік үштікке енді. 13 жастағы өнерпаз екі кезеңнің қорытындысы бойынша 126 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Байқаудың алғашқы күнінде Жасмина қазақтың халық әні «Сарыарқаны» орындаса, екінші кезеңде «Ромашка-Василек» әнін шырқап, қазылардың жоғары бағасына ие болды. Жүлдегерге 2 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлық табысталады. Бұл жетістік қазақстандық жас таланттардың халықаралық сахнадағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте айқын көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС: БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Елімізде «Қауіпсіз жол» республикалық рейді басталды

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында мектептерде буллингке қарсы жаңа жоба басталды

berdaly_oraz