Делдалсыз сауда – халыққа тиімді ме? Түркістандағы жәрмеңке бағаны төмендетуге ықпал етті

Түркістан қаласында өткен кезекті әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі тұрғындарға күнделікті тұтынатын өнімдерді нарықтағы бағадан 20–30 пайызға арзан сатып алуға мүмкіндік берді. «Отырар» секторында ұйымдастырылған жәрмеңкеге Сайрам, Созақ, Келес аудандары мен Кентау қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, өнімдерін делдалсыз ұсынды.

Сонымен қатар «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қоры арқылы 50 тоннаға жуық азық-түлік саудаға шығарылды. Сөрелерде ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөніс, жеміс-жидек пен өзге де әлеуметтік маңызы бар тауарлар ұсынылды.

Мұндай жәрмеңкелердің басты артықшылығы – тұтынушы мен өндірушіні тікелей байланыстыру. Делдалдардың болмауы өнім бағасын төмендетіп қана қоймай, шаруалардың табысын арттыруға да мүмкіндік береді. Әсіресе соңғы уақытта азық-түлік бағасы қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналған шақта мұндай бастамалардың маңызы арта түсуде.

Дегенмен бір реттік жәрмеңкелер мәселені толық шеше алмайды. Сарапшылардың пікірінше, бағаны тұрақтандыру үшін мұндай сауда алаңдарын тұрақты ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және тасымалдау жүйесін жетілдіру қажет. Сонда ғана тұрғындар сапалы өнімді қолжетімді бағамен тұрақты түрде сатып ала алады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста балалар күніне орай мерекелік шара өтті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-КОРЕЙ «WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN» ІТ УНИВЕРСИТЕТІ АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Қабылсайдағы автобус апатынан егде жастағы қария қайтыс болды

berdaly_oraz