Шәмші әні шарықтаған Түркістан: руханият пен туризм тоғысқан кеш

Түркістан тағы бір мәрте қазақ руханиятының алтын бесігі екенін дәлелдеді. «Керуен сарай» туристік кешенінде өткен «Шәмші әндері» өнер фестивалі мыңдаған көрерменді бір арнаға тоғыстырып, ән падишасы Шәмші Қалдаяқовтың мәңгілік мұрасын ұлықтаған айтулы мәдени оқиғаға айналды.

Фестиваль сахнасында еліміздің танымал эстрада жұлдыздары мен жас орындаушылар композитордың халық жүрегінен орын алған шығармаларын орындап, көрерменге ерекше әсер сыйлады. «Жігіттер» квартеті, «Melomen», «Сарын», «Turan Boys» топтары және белгілі әншілер орындаған Шәмші әндері кештің көркін қыздырып, жұртшылықтың зор ықыласына бөленді.

Бұл шара тек концерттік бағдарлама ғана емес, ұлттық өнерді ұлықтап, жас буынға рухани тәрбие беретін маңызды мәдени алаңға айналды. Көрермендердің әндерді қосыла шырқауы – Шәмші шығармаларының халықпен бірге жасап келе жатқанын тағы бір мәрте көрсетті.

Соңғы жылдары Түркістанда мәдениет пен туризм қатар дамып келеді. Өңірде ондаған мәдениет нысаны пайдалануға беріліп, республикалық және халықаралық деңгейдегі фестивальдер тұрақты ұйымдастырылуда. Мұндай ауқымды мәдени іс-шаралар Түркістанның тек тарихи қала ғана емес, ұлттық өнердің де орталығына айналып келе жатқанын айғақтайды.

Шәмші Қалдаяқовтың әндері жаңғырған бұл кеш – өткенге тағзым ғана емес, қазақ өнерінің болашағына жасалған инвестиция. Ұлттық әнді ұлықтай білген елдің рухы да әрдайым асқақ болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 8 баланың анасы өрттен қаза тапты

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында демалыс орындарының қауіпсіздігі мен тазалық жұмыстары күшейтіле түсті

Арыс ауданы: Шағырлықтар ауыр жүк көліктерінің ауыл ішінен өтуіне қарсы

berdaly_oraz