Түркістанда әлем чемпионатының финалы үлкен экраннан көрсетілді

Түркістан қаласының тұрғындары футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кездесуін бірге тамашалады. «Түркістан Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылған тікелей көрсетілімге жүздеген жанкүйер жиналып, футбол мерекесінің ерекше атмосферасын сезінді.

Финалдық ойынды қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы да тұрғындармен бірге тамашалап, спортсүйер қауымның қуанышына ортақтасты.

Шешуші кездесуде Испания құрамасы Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, 16 жылдан кейін әлем чемпионы атанды. Жеңіс голын матчтың 106-минутында Ферран Торрес соқты.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты тарихта тұңғыш рет бірден үш мемлекет – АҚШ, Канада және Мексикада өтті. Турнирге рекордтық 48 ұлттық құрама қатысып, жалпы 104 матч ұйымдастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА САПАСЫ – ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ

berdaly_oraz

Түркістан облысында егістікті ағын сумен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

berdaly_oraz

Тоқаев Түрікменстанға барып қайтты