Түркістан қаласында бүгін Орталық Азияда теңдесі жоқ ескек есу арнасы аумағында орналасқан жаңа жағажайдың салтанатты ашылуы өтеді.
Қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы әрі қауіпсіз демалысына арналған жаңа демалыс аймағы заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Жағажайда төрт бақылау мұнарасы, балалар ойын алаңы, жайлы демалыс орындары және спорт алаңшалары қарастырылған.
Жаңа жағажайдың ашылуы қаладағы туристік және қоғамдық демалыс инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі саналады. Ұйымдастырушылар барлық тұрғындар мен қала қонақтарын салтанатты шараға қатысып, жаңа демалыс кеңістігінің алғашқы қонақтарының қатарынан болуға шақырады.
Күні: 20 шілде
Уақыты: 17:00
Өтетін орны: Түркістан қаласы, Ескек есу арнасы.
