Түркістан облыстық мәслихаты бюджетке өзгерістер енгізуді мақұлдады

2026 жылғы 22 шілдеде сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс XXIV сессиясы өтті. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігі мүшелері, басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда облыстық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі қаралып, депутаттар тиісті шешімді қабылдады. Атап айтқанда, күн тәртібіне енгізілген «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/268-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жаппар Күмісбек Еркінбекұлы баяндама жасады.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров қабылданған шешімдердің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың өмір сапасын арттыруға және инфрақұрылымдық жобаларды уақытылы іске асыруға бағытталғанын атап өтті.

Өз сөзінде облыс басшысы:  «Бөлінген бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы қатаң бақылауда болады. Барлық жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдері қабылданған шешімдердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Өңірдің тұрақты дамуы үшін бірлескен жұмысты жалғастырамыз»-деді.

Айта кетейік, облыс әкімдігі мен мәслихаттың үйлесімді жұмысының нәтижесінде 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Түркістан облысының қысқа мерзімді экономикалық өсімі 126,3 пайызды құрап, республика бойынша бірінші орынға шықты. Өңірде инвестиция тарту, өндірісті дамыту, ауыл шаруашылығы мен туризм салаларындағы жобаларды іске асыру жұмыстары жалғасуда.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте көктемгі әскерге шақыру: болашақ сарбаздар сап түзеді

berdaly_oraz

«Қазсушардағы» бетбұрыс: шығын жойылып, қарыз 90%-ға қысқарды

Redaktor Arysinfo

«FISH HOUSE» – өңірдегі ірі балық өсіру жобасы

berdaly_oraz