Шымкентте 30 отбасы баспаналы болды: өндіріс пен инвестицияға да серпін берілмек

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында баспаналы болған 30 отбасыға жаңа пәтердің кілтін табыстады.

Қоныс тойын тойлаған тұрғындарды құттықтаған қала басшысы әрбір отбасыға амандық пен береке тілеп, әлеуметтік бағдарламалардың халықтың тұрғын үй мәселесін шешудегі маңызын атап өтті.

Сапар барысында әкім қаладағы өндірістік кәсіпорындарды да аралады. «Тұран Химстрой» ЖШС-нің жұмысымен танысып, өндірістік қуатты арттыру, экспорт көлемін ұлғайту және каталитикалық крекингке арналған катализаторлар шығаратын жаңа зауыт салу жобасын талқылады.

Сондай-ақ «Declare Group» ЖШС-де зергерлік бұйым өндірісінің даму барысы қаралды. Ай сайын шамамен 10 мың грамм дайын өнім шығаратын кәсіпорында 155 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кездесуде өткізу нарығын кеңейту, өндірісті ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелеріне басымдық берілді.

Қала әкімдігі кәсіпорындардың инвестициялық және экспорттық жобаларын мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы сүйемелдеуді жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл бастамалар тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етумен қатар, өңір экономикасының дамуына және жаңа жұмыс орындарының көбеюіне серпін бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Оқушылардың көктемгі демалысы неше күнге созылады?

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 900-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН

berdaly_oraz

АЛМАТЫДА ТҮРКІСТАН ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

Redaktor Arysinfo