Тоқаев Ұлытау облысының әкіміне өңірді дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді

дереккөз фото: ERNUR.KZ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарларын талқылады.

Кездесу барысында Президентке инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін арттыру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Сондай-ақ өңірде жүзеге асырылатын басым инвестициялық жобалар жөнінде ұсыныстар таныстырылды.

Жиын қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, инвестициялық тартымдылығын күшейтуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық жас шахматшы халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

Пәкістанда дүкен тонамақ болған қарақшы баланың әрекетінен көңілі босап, ақшаны кері қайтарды

berdaly_oraz

Бас мүфти: Діни терминдерді қазақша қолданайық

berdaly_oraz