«Барлығына несие береміз!» – «сұр» несиегерлердің арбауына түспеңіз

дереккөз фото: ERNUR.KZ 

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «кез келген адамға несие рәсімдеп береміз», «жаман несие тарихы кедергі емес», «5 минутта ақша» деген жарнамалар жиі кездеседі. Мұндай ұсыныстардың басым бөлігі заңсыз жұмыс істейтін «сұр» несиегерлердің схемасы болуы мүмкін.

Олардың кең таралған айла-тәсілдері:  Алдын ала комиссия талап ету. «Несие шығару үшін сақтандыруға немесе қызмет ақысына ақша аударыңыз» деп сұрайды. Ақша түскен соң байланысқа шықпай қояды. Жеке деректерді жинау. Жеке куәлік, банк картасы, SMS-кодтар немесе банк қосымшасына кіру мәліметтерін сұрап, кейін сол ақпаратты алаяқтыққа пайдаланады. Жасырын келісімшарттар.

Аз пайыз уәде етіп, кейін өте жоғары өсімпұл мен айыппұл есептейді. Жалған делдалдық қызмет. «Банкпен келісіп береміз» деп сендіріп, ешқандай нақты қызмет көрсетпейді. Психологиялық қысым. Ақшаны кешіктірген жағдайда қоқан-лоқы көрсетіп, туыстарына хабарласатынын айтып қорқытады.

Мамандар несие рәсімдеу кезінде тек лицензиясы бар қаржы ұйымдарына жүгінуге, келісімшарттың барлық тармағын мұқият оқуға және ешқашан алдын ала төлем жасамауға кеңес береді. Сондай-ақ банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және электронды цифрлық қолтаңба мәліметтерін бөгде адамдарға беруге болмайды.

Қаржылық қиындықты пайдаланатын алаяқтардың құрбаны болмас үшін кез келген ұсынысты мұқият тексеріп, күмәнді жарнамалардан сақ болған жөн.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

berdaly_oraz

Қазақстанға жаңа мүмкіндік: Нидерландпен 160 миллион еуролық келісім

Redaktor Arysinfo

САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ САЯБАҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ

berdaly_oraz