Тыңдаушылардың криминалистика саласына қызығушылығы ұлғая түсті

Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында болып, тыңдаушылармен кездесті.

Жедел-криминалистикалық басқармасының бас криминалисі Қ.Паиз, аға криминалист Т.Арипов, криминалистер Т.Аманжолов пен А.Қоқымбаев еліміздің барлық өңірлерінен келіп, арнайы бастапқы оқу курсынан өтіп жатқан тыңдаушыларға дәріс өткізді.
Шарада сотқа дейінгі тергеп-тексеруді криминалистикалық қамтамасыз ету бойынша кәсіби бағдар бере отырып, нақты тергеу жағдайларын талдау және қылмыстарды ашу бағытында білім, білік және дағдыларды қалыптастыруды мақсат етті.
Өз кезегінде қызметкерлер «Заманауи криминалистика», «Криминалистикалық техникалар мен автоматтандырылған жүйелер» тақырыптарындағы теориялық және тәжірибелік білімдерімен де бөлісті.
Ішкі істер органдарына тағайындалған тыңдаушы қызметкерлер, криминалист мамандарға алғыс білдіріп, криминалистика саласына деген қызығушылықтарының ұлғайғанын және барлық алған білім мен дағдыларын алдағы атқарар қызмет барысында тәжірибе жүзінде қолданатындарын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында демалыс орындарының қауіпсіздігі мен тазалық жұмыстары күшейтіле түсті

Түркістанда әлеуметтік жобаларды тиімді іске асыру жолдары талқыланды

berdaly_oraz

ORDABASY: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ – КӘСІПКЕ ҚОЛДАУ, ТАБЫСҚА ЖОЛ

berdaly_oraz