САУРАНДА ӨТКЕН ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Сауран ауданының Шорнақ ауылдық округіне қарасты Аша және Қосмезгіл елді мекендерінде қоршаған ортаны қорғау және елді мекен аумағын тазалау мақсатында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына ауыл тұрғындары, еріктілер мен мекеме қызметкерлері белсене атсалысты. Жалпы акцияға 300-ге жуық адам қатысты. Тазалық жұмыстарына 9 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 14 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық арнайы полигондарға шығарылды. Іс-шара барысында көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары, арықтар мен бос жатқан жерлер қоқыстан тазартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілді

berdaly_oraz

Түркістанда 500-ден астам жас домбырашы бір мезетте күй тартты

berdaly_oraz

Нұралхан Көшеров өзбекстандық инвесторлармен кездесті