ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БАҚЫЛАУ БОЙЫНША РЕЙДТЕР ЖАЛҒАСУДА

Арыс қаласында тұрғындарға қолайлы әрі таза өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында құрылған жұмысшы топ санитарлық тазалық талаптарының сақталуын бақылау бағытындағы кезекті рейдтік іс-шарасын өткізді.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған рейд барысында қалаға кіреберіс автожол бойындағы кәсіпкерлік нысандар мен жеке тұрғын үйлердің аумақтары зерделенді. Жұмысшы топ мүшелері тұрғындар мен кәсіпкерлерге тұрмыстық қалдықтарды бекітілген кестеге сәйкес шығару, сондай-ақ көшелер мен қоғамдық орындарға құрылыс материалдарын, құм, тас, топырақ және өзге де қалдықтарды орналастыруға жол берілмейтіні жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында анықталған кемшіліктер бойынша ескертулер беріліп, оларды белгіленген мерзімде жою қажеттігі түсіндірілді. Жауапты мамандар талаптардың орындалмауы немесе заңбұзушылықтың қайта анықталуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
Сондай-ақ, тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-1-бабы негізінде төрт ескерту түріндегі әкімшілік хаттама рәсімделді.
Арыс қаласының тазалығы – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан әрбір тұрғын өз ауласы мен көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаны таза ұстауға үлес қосуы тиіс деді жауапты мамандар. 
Айта кетейік, Арыс қаласы әкімдігі санитарлық тазалық талаптарының сақталуын бақылауға бағытталған рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді. 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АГРОСАЛА ЖАҢАРУДА: 223 ЖАҢА ТЕХНИКА САТЫП АЛЫНДЫ

Redaktor Arysinfo

Тоқаевтың жаңа талабы: Парламент цифрлық дәуірге толық көшуі тиіс

Redaktor Arysinfo

Түркістанда суретшілердің халықаралық симпозиумы өтті

Альфия Адамбек