ҚЫЗЫНЫҢ ҚЫЗЫЛ АТТЕСТАТ АЛАТЫН КҮНІ: АЙТЫСКЕР АҚЫН ЖҰБАЙЫМЕН БІРГЕ ЖОЛ АПАТЫНДА ҚАЗА ТАПТЫ

дереккөз фото:Aikyn.kz

Қазақстанның мәдениет саласы ауыр қайғыға душар болды. Астана–Қостанай тасжолында болған сұмдық жол-көлік оқиғасынан белгілі айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі, тарих ғылымдарының магистрі Салтанат Өтелбаева мен оның жұбайы Мырзабек Қасымов көз жұмды. Қайғылы оқиға Атбасар мен Есіл қалаларының арасындағы жолда болғаны хабарланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар қызы Алтынайдың мектеп бітіру салтанатына қатысу үшін таңғы сағат 04:00 шамасында Астанадан жолға шыққан. Бүгін олардың қызы мектепті үздік тәмамдап, қызыл аттестат алуы тиіс болған. Алайда қуанышқа толы күн бір отбасы үшін орны толмас қасіретке айналды.

Суыт хабарды ақынның әріптесі, айтыскер ақын Марғұлан Оспанов әлеуметтік желі арқылы жеткізді. Оның айтуынша, қаралы хабарды марқұмдардың ұлы Нұрсұлтан хабарлаған. Әріптестері Салтанат Өтелбаеваны ашық мінезді, ел мәдениетіне адал қызмет еткен парасатты жан ретінде еске алуда.

Салтанат Өтелбаева ұзақ жылдар бойы мәдениет саласында еңбек етіп, көптеген маңызды жобалардың жүзеге асуына үлес қосты. Ол Ыбырай Алтынсарин музейі басшысының орынбасары қызметін атқарып, ұлттық мұраны насихаттауға сүбелі еңбек сіңірді.

Марқұмдардың отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Артында қалған ұл-қыздарына сабыр тілейміз. Жандары жәннатта болсын.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛДЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОРТАЛЫҚТАР МЕН МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР САЛЫНАДЫ

Redaktor Arysinfo

Арыстық түлектердің адамгершілігі елді сүйсінтті

Redaktor Arysinfo