«ӘНДІ СҮЙСЕҢ, МЕНШЕ СҮЙ…» АКУСТИКАЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай әлемі: Ойдан – өнегеге» әдеби-танымдық апталығы аясында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының ән мұрасын дәріптеуге арналған «Әнді сүйсең, менше сүй…» атты акустикалық әдеби-музыкалық кеш өтті.

Кеш барысында өнерпаздар Абайдың жүрекке жол табар сырлы әндерін жанды дауыста орындап, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Ән мен поэзия үндескен тағылымды кеште ұлы ақынның шығармашылық әлемі кеңінен насихатталып, оның ән өнеріндегі мол мұрасы жаңаша қырынан таныстырылды.

Абай әндері арқылы ұлттық өнердің тереңдігі мен көркемдігі айшықталып, көрермен қауым рухани әсерге бөленді.
Кештің көркін келтіріп, өнерімен бөліскен барлық қатысушыларға және арнайы келген қонақтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Ұқсас жаңалықтар

Әнші Сәкен Майғазиев немересін көрсетті

Redaktor Arysinfo

Сарыағашта ерекше баланы ұрған маман жұмыстан шығарылды

berdaly_oraz

Асанада лифтіде жарақат алған 5 жасар бала ауруханадан шығарылатын болды

berdaly_oraz