«Таза Қазақстан» бағдарламасы қоғамның назарын экология проблемаларына аудару, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау бойынша нақты іс-қимылдарды ынталандыру мақсатында іске қосылды.
Бағдарламаның негізгі міндеттеріне: аумақтарды тазарту: қоғамдық орындарда, ормандарда, су айдындарында және басқа да табиғи объектілерде қоқыстарды жинау. Ағартушылық қызмет: халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған білім беру іс-шараларын өткізу., еріктілікті қолдау: азаматтарды экологиялық бастамалар мен жобаларға белсенді тарту.
Аталған міндеттерді ауыл-аймаққа кеңінен таныстыру, тұрғындар арасында насихаттау мақсатында ауыл әкімдігінің қызметкерлері аянбай еңбек етуде. Бір ғана Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық окурігінің әкімдік қызметкерлері әр елді мекенді жекелей аралап, ауылдың тазалығын сақтаудағы заң талаптарын түсіндіріп жүр.Атап айтқанда, ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес, яғни ортақ пайдаланылатын орындарды ластау:
көшелерге, саябақтарға, скверлерге және өзге де қоғамдық орындарға қоқыс тастауға, белгіленбеген орындарға тұрмыстық қалдықтарды төгуге жол берілмейтінін, ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігіне сай, яғни елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу, тұрғын үйге іргелес аумақты қоқыстан тазаламау, ауланың шөбін уақытылы ормау, құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды рұқсат етілмеген орындарға жинау немесе төгу, аумақтың санитариялық тазалығын сақтамау мәселесі азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады,-деді.
Сондай-ақ, жауапты мамандар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қабылсай елді мекенінің тұрғындары арасында тазалық сақтау, қоғамдық орындарға қоқыс тастамау және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Елді мекеннің тазалығын қамтамасыз ету мақсатында Монтайтас ауылының Абай, Б.Онтаев, Д.Исабеков көшелерінің тұрғындарына жол жиегінің жантақтарын шабу, ретке келтіріліп, орталық көше қиылыстарында орналасқан баннерлер сырланып, әрлеу жұмыстары жүргізілді.
