Кентауда «Арақсыз ауыл – салауатты болашақ» акциясы өтті

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында «Арақсыз ауыл – салауатты болашақ» акциясы аясында тұрғындармен маңызды кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдық тәртіпті нығайту.

Кездесуге Кентау қалалық полициясының учаскелік полиция инспекторы Қ. Жанатаев, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Кентау қалалық филиалының маманы А. Құрманбаева, Хантағы ауылы Аналар кеңесінің төрайымы Ш. Махамбетиярова, Отбасын қолдау орталығының психологы Г. Таубаева және кейс-менеджері А. Мейрбекова қатысты.

Кездесу барысында алкоголь өнімдерін тұтынудың адам денсаулығы мен отбасы тұрақтылығына кері әсері, құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасы құндылықтарын дәріптеу және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мен сала мамандары тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түрлі мәселелер бойынша кеңестер берді.

«Арақсыз ауыл – салауатты болашақ» бастамасы – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және өскелең ұрпақ үшін салауатты әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба.

Салауатты ұрпақ тәрбиелеп, қауіпсіз қоғам қалыптастыру – баршаға ортақ міндет. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

berdaly_oraz

Ерлік пен адал қызмет бағаланды: Президент бір топ азаматты марапаттады

ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ – ЕЛ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

Redaktor Arysinfo