«ЖАС МОБИЛОГРАФ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Шымкент қаласында жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткісіз өмір салтын насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «ЖАС МОБИЛОГРАФ» қалалық онлайн мобилографтар байқауы өз мәресіне жетті.

Байқауға 53 жас өтінім білдіріп, оның ішінде 23 қатысушы өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар заманауи мобилография мүмкіндіктерін пайдалана отырып, есірткісіз өмір салтын, жастардың дұрыс таңдауын және қоғамдағы өзекті мәселелерді бейнероликтер арқылы көрсетті.

Жұмыстарды бағалау үшін арнайы әділ-қазылар алқасы құрылды. Құрамында Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Бауыржан Карбеков, фотожурналист, Shymlike.kz ақпарат агенттігінің жетекшісі Самат Мырзалиев, «Ontustik» телеарнасының жүргізуші редакторы Эльмира Тұрлыбекова, Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Жансерік Жұман және «Сақ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев болды.

Қазылар алқасы қатысушылардың шығармашылық шеберлігін, тақырыпты ашу деңгейін, бейнероликтердің мазмұны мен сапасын ескере отырып, үздік жұмыстарды анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша: 1-орын — Л. Айдарбек, 300 000 теңге;  2-орын — Е. Егізбек және Т. Базарбай, 200 000 теңгеден; 3-орын — Р. Ильяс, Ж. Зиябек және Ә. Мырзатай, 100 000 теңгеден иеленді.

Сонымен қатар 50 000 теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлықтарымен Н. Бұқарбаев, З. Мырзақұл, С. Тоқберген, Д. Сейдуллаев, Ж. Ілесбек, З. Орынбасар, М. Абдуталипов, Қ. Сағат, Ж. Метин және А. Алипбаева марапатталды.

Байқау жастардың шығармашылық әлеуетін қолдауға, әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды заманауи форматта насихаттауға және есірткісіз қоғам қалыптастыруға бағытталған ақпараттық жұмыстарды күшейтуге мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылар байқауға белсенді қатысып, өз еңбектерімен салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосқан барлық жастарға алғыс білдірді.

Есірткісіз өмір — өз қолымызда!
Жастардың таңдауы — жарқын болашақ!

Ұқсас жаңалықтар

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басшысы болып тағайындалды

Redaktor Arysinfo

Арыста «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өтуде

berdaly_oraz

25 мыңнан астам әскери қызметкер арнайы даярлықтан өтіп жатыр

Redaktor Arysinfo