ТҮРКІСТАНДА КРЕАТИВТІ ИДЕЯЛАР КӨБЕЙЕДІ: 184 ІС-ШАРА ЖОСПАРДА

Түркістан облысында креативті индустрияны дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстар қолға алынбақ. Өңірде тұрғындар үшін 184 креативті іс-шара ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Басқосуда өңірде өтетін мәдени фестивальдер, спорттық жарыстар, әлеуметтік акциялар және өзге де қоғамдық маңызы бар шаралардың ұйымдастырылуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Жиында жоспарланған жобалардың негізгі бағыттары айқындалып, іс-шаралардың желілік кестесі әзірленгені атап өтілді. Сонымен қатар әр шараның мазмұнын жаңартып, заманауи әрі креативті идеяларды енгізу қажеттігі сөз болды.

Облыс әкімінің орынбасары ұйымдастыру жұмыстарына жауапты құрылымдарға нақты тапсырмалар беріп, белгіленген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырды.

«Іс-шаралардың концепциясын қайта қарап, креативті идеяларды пайдалана отырып, жаңа ұсыныстар енгізу қажет. Жоспарланған жобаларды жоғары деңгейде өткізу маңызды», – деді Ертай Кенжебекұлы.

Алдағы 184 шара өңірдегі мәдени, әлеуметтік және қоғамдық белсенділікті арттыруға жаңа серпін бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

berdaly_oraz

Арыста TEDx форматындағы рухани көшбасшылық кездесуі өтті

berdaly_oraz

2025 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурстық өтінімдерді қабылдау басталды

Альфия Адамбек