ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА – ОРТАҚ МІНДЕТ

Арыс қаласында мүгедектігі бар азаматтардың қоғамдық ортаға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы жұмысшы топ әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жүргізіп, олардың қолжетімділік талаптарына сәйкестігін бақылауда.

Бақылау барысында ғимараттардың кіреберістері, пандустар және азаматтардың еркін қозғалуына қажетті жағдайлар назарға алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, талаптарды орындау жөнінде хабарламалар берілді.

Бұл бағыттағы талаптарды сақтамаған нысан иелеріне заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұған дейін де жүргізілген мониторинг нәтижесінде бірқатар кәсіпкер кемшіліктерін түзетсе, талаптарды орындамаған нысандарға әкімшілік шаралар қолданылып, айыппұл салынған.

Қолжетімді орта қалыптастыру – әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды бөлігі. Сондықтан қаладағы нысандардың белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізіле бермек.

Мақсат – әр азаматқа қоғамдық орындарға еркін кіріп-шығып, еш кедергісіз қызмет алуына мүмкіндік беретін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.

Ұқсас жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

berdaly_oraz

АЛАЯҚТАРДЫҢ АЙЛАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСПАДЫ: ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙ 5 МЛН ТЕҢГЕНІ САҚТАП ҚАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан: Шардарадағы жағажайлардың тазалығы мен қауіпсіздігі бойынша қатаң талаптар қойылды