САРЫАҒАШТА ІШКІ САЯСАТТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен Сарыағаш ауданында ішкі саясат саласына қатысты көшпелі отырыс өтті.

Жиында Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын сапалы орындау, жастар саясатын тиімді жүзеге асыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселелері талқыланды. Басқосуға жауапты мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Отырыста мемлекеттік органдардың атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалып, профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру және ведомствоаралық жұмысты жүйелеу мәселелеріне басымдық берілді.

Сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер бойынша нақты ұсыныстар айтылды.

Жиын қорытындысында Ертай Алтаев жауапты органдарға өңірдегі қоғамдық тұрақтылықтың жай-күйін зерделеп, проблемалық мәселелерді анықтауды және оларды шешуге бағытталған нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жетілдіру, алдын алу шараларын күшейту және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда IT университетінің құрылысы аяқталуға жақын: министр Саясат Нұрбек нысанды аралады

berdaly_oraz

Ақтөбе облысында жас мұғалім үйінің ауласынан денесі табылды

berdaly_oraz

Түркістанда ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды

berdaly_oraz