Ақтөбе облысында жас мұғалім үйінің ауласынан денесі табылды

Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Еңбекші ауылында 2002 жылы туған жас мұғалімнің мәйіті табылды. Ол үй ауласындағы шаруашылық құрылыстан анықталған.

Дабылды әріптестері қаққан. Педагог сабаққа келмеген соң, ұстаздар оның үйіне барып, қайғылы жағдайдың үстінен түскен. Марқұм ағасымен бірге тұрған, ата-анасы Ақтөбе қаласында тұрады.

Белгілі болғандай, жас маман тарих пәнінен сабақ берген. Ол 2025 жылдың ақпан айынан бастап ауылдағы мектеп-балабақшасында жұмыс істеген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәліметке сәйкес, түрлі нұсқалар қарастырылып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕР НАЗАРЫНА!

berdaly_oraz

Түркістан облысында биыл 16 жаңа жайлы мектеп пайдалануға берілмек

berdaly_oraz

 ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ МҰХТАР ШАХАНОВҚА СОҢҒЫ ҚҰРМЕТ