БІРЛІККЕ ҮН ҚОСҚАН» – ӨНЕР МЕН БІРЛІКТІҢ ЖАРҚЫН БАЙҚАУЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Бірлікке үн қосқан» республикалық этномәдени бірлестіктер фестивалі аясындағы облыстық байқау өтті.
Байқаудың басты мақсаты – этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайту, Қазақстандағы этностардың мәдени мұрасы мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық әлеуетін қолдау және жас таланттардың өнерін кеңінен насихаттау.
Салтанатты шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Имашев Азамат Бақытжанұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға облыстың аудан-қалаларынан келген этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары қатысып, көрермендерге ұлттық ән мен бидің, аспаптық өнердің әсем үлгілерін ұсынды.
Өнерпаздар «Үздік шығармашылық ұжым», «Үздік аспаптық шығарма», «Үздік орындаушы» және «Қазақ тіліндегі үздік орындаушы» номинациялары бойынша бақ сынады.
Байқау қатысушыларының өнерін арнайы құрылған қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының төрағасы – Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Баетов Ерназар Көпжасарұлы.
Сонымен қатар қазылар алқасы құрамында Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі Шарапов Хуршид Бахтиярович, Түркістан облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілі Загидуллина Нурия Рафхатовна, «Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік мекемесінің көркемдік жетекшісі Жұманов Мұрат Төреханұлы және халық шығармашылығын қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Умирзақова Зағипа Тастанбекқызы болды.
Бүгінгі байқау – түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрін бір сахнада тоғыстырған, өнер арқылы өзара сыйластықты, достық пен татулықты дәріптеген тағылымды шара болды.
Облыстық кезеңде үздік деп танылған 5 өнерпаз республикалық кезеңге жолдама алды. Алдағы уақытта республикалық сайыста Түркістан облысының намысын қорғайтын болады.
Өнер – ұлттарды жақындастыратын, жүректерді біріктіретін ортақ құндылық. Бірлігіміз бекем, достығымыз мәңгі болсын!

Ұқсас жаңалықтар

Беймезгіл уақытта көшеде қаңғып жүрген 273 жасөспірім анықталды

Альфия Адамбек

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЯСАУИТАНУ – 2026» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Альфия Адамбек

КЕЛЕСТЕ «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo