Алматы дәрігерлерінің ерлігі: ауыр халдегі науқас аман қалды

дереккөз фото:Aikyn.kz

Алматы қаласының дәрігерлері 9-қабаттан құлаған бойжеткеннің өмірін сақтап қалды. Ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, бірнеше маманның қатысуымен кешенді ем жүргізілген.

Дәрігерлердің кәсіби әрекетінің арқасында бойжеткеннің өміріне төнген қауіп сейіліп, қазіргі уақытта оның жағдайы біршама тұрақтанған. Мамандар науқастың ем-домын жалғастырып, денсаулығын толық қалпына келтіру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Бұл оқиға ауыр жарақат алған науқастарды дер кезінде әрі сапалы емдеудің маңызын тағы бір мәрте көрсетті. Ақ халаттылардың жанкешті еңбегі тағы бір адамның өмірін аман алып қалуға мүмкіндік берді.

Ұқсас жаңалықтар

Димаш Құдайберген Бангладешке БҰҰ ізгі ниет елшісі ретінде барды

Redaktor Arysinfo

Шымкентте «Sky Train» жобасы қарастырылып жатыр

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОТАЛАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Redaktor Arysinfo