ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ!

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан екі алтын медаль жеңіп алды.

Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының спортшысы Сайлау Мұхамеджан 70 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Финалда ол Қырғызстан спортшысымен белдесіп, тартысты бәсекеде 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, жерлесіміз дүбірлі додада топ жарып, Қазақстан қоржынына кезекті алтын медальді салды. Бұл — ұлттық құраманың жарыстағы екінші алтын жүлдесі. 

Байрақты бәсекеге Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров арнайы барып, спортшыларға қолдау көрсетті.

 Аударыспақ — ат үстінде күш-қуат, ептілік, шапшаңдық пен батылдықты талап ететін қазақ халқының дәстүрлі ұлттық спорт түрі. Бүгінде елімізде 11,5 мыңнан астам адам аударыспақпен тұрақты түрде шұғылданады.

Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!
Қазақстанға — алтын! Түркістанға — абырой! 

Ұқсас жаңалықтар

СПОРТТАҒЫ СЕРПІЛІС: ТҮРКІСТАН ЧЕМПИОНДАРЫНА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІЛЕР РЕФЕРЕНДУМДА ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Redaktor Arysinfo

Азияны мойындатқан қазақ жұдырығы: Қазақстан қоржынына тағы үш алтын түсті

Redaktor Arysinfo