Азияны мойындатқан қазақ жұдырығы: Қазақстан қоржынына тағы үш алтын түсті

Қазақстан боксы Азия төрінде тағы бір мәрте өзінің айбынын дәлелдеді. Құрлық чемпионатында ел намысын қорғаған үш қазақстандық боксшы финалдық жекпе-жектерде қарсыластарынан басым түсіп, Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл жеңістер ұлттық құраманың құрлықтағы көшбасшылық орнын тағы бір мәрте айқындады.

Алтын медаль иеленгендердің қатарында 60 келіде үндістандық қарсыласын ұтқан Оразбек Асылқұлов, 85 келіде өзбекстандық Жасурбек Юлдошевті жеңген Нұрбек Оралбай және 75 келіде Өзбекстан өкілі Жавохир Абдурахимовтан басым түскен Сабыржан Аққалықов бар. Үшеуі де финалда жоғары деңгейдегі шеберлік көрсетіп, Қазақстан Әнұранын шырқатты.

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы жалпы есепте үздік нәтиже көрсетіп, медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді. Бұл – ұлттық құраманың жүйелі дайындығы мен қазақ бокс мектебінің әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеген нәтиже.

Азия рингінде көк Туымызды бірнеше мәрте көкке көтерген былғары қолғап шеберлерінің жеңісі жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлап, алдағы әлемдік додалар алдында Қазақстан құрамасына үлкен сенім ұялатты. Бүгінде қазақ боксшылары құрлықтағы ғана емес, әлемдік аренадағы басты фавориттердің бірі екенін кезекті рет көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Жылдың үздік спортшысы – тағы да Рыбакина

Redaktor Arysinfo

Бибісара Асаубаева әлемнің үздік бес шахматшысының қатарына енді

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАНСПОРТТЫҚ-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo