Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «ORANO» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовенмен кездесті. Кездесуде Түркістан облысы мен «ORANO» компаниялар тобы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Нұралхан Көшеров өңірдің инвестициялық әлеуетіне тоқталып, өндіріс орындары үшін білікті мамандар даярлау бағытындағы әріптестіктің маңызын атап өтті.
– Біз үшін инвестиция тартумен қатар, жергілікті кадрларды даярлау мәселесі де аса маңызды. Осы бағытта облыстағы колледждерді компанияның қамқорлығына алып, дуалды оқыту жүйесі арқылы өндіріс орындарына қажетті мамандарды бірлесіп даярлауды ұсынамыз. Бұл жастардың теориялық біліммен қатар, нақты өндірістік тәжірибе алуына және оқуын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі.
Клод Имовен Түркістан облысымен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп, өзара әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық және кадр даярлау бағыттарындағы бірлескен жұмыстарды зерделеуге, іскерлік байланыстарды тереңдетуге уағдаласты.
[10:17, 03.09.2026] Сандуғаш: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ORANO» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «ORANO» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовенмен кездесті.
Кездесу барысында Түркістан облысы мен «ORANO» компаниялар тобы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, инвестициялық жобаларды іске асыру және жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Облыс әкімі өңірдің инвестициялық әлеуетіне тоқталып, өндіріс орындарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету бағытындағы әріптестіктің маңызын атап өтті.
– Біз үшін инвестиция тартумен қатар, жергілікті кадрларды даярлау мәселесі де аса маңызды. Осы бағытта облыстағы колледждерді компанияның қамқорлығына алып, дуалды оқыту жүйесі арқылы өндіріс орындарына қажетті мамандарды бірлесіп даярлауды ұсынамыз. Бұл жастардың теориялық біліммен қатар, нақты өндірістік тәжірибе алуына және оқуын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді, – деді Нұралхан Көшеров.
Өз кезегінде Клод Имовен Түркістан облысымен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп, өзара әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық жобалар мен кадр даярлау бағыттарындағы бірлескен жұмыстарды зерделеуге, сондай-ақ іскерлік байланыстарды одан әрі тереңдетуге уағдаласты.
