Домбыра Нью-Йоркті дүр сілкіндірді: қазақ мәдениеті АҚШ-та жаңа деңгейге шықты

Қазақтың қара домбырасы мұхит асып, енді тек ұлттық өнердің нышаны емес, түркі халықтарын жақындастыратын мәдени көпірге айналып келеді. Нью-Йоркте өткен Тұран саммиті осы үрдістің жаңа кезеңін көрсетті.

Домбыра үйрену үшін Қазақстанға арнайы келген америкалық музыкант, Нью-Йоркте ашылған қазақ этномузейі, Бруклиндегі «Алтын домбыра» студиясы, ұлттық мәдениет төңірегіне топтасқан жастар клубтары мен халықаралық челлендждер – мұның бәрі АҚШ-тағы қазақ қауымының мәдени бастамалары жүйелі сипат алып келе жатқанын аңғартады.

Осы жобалардың жалғасы ретінде Нью-Йоркте Тұран саммиті өтіп, бұған дейін мәдени іс-шаралар аясында қалыптасқан байланыстар дипломатиялық, қоғамдық және іскерлік деңгейге көтерілді.

Саммитке дипломатиялық өкілдер, Нью-Йорк қаласы мен штаты әкімшілігінің, халықаралық ұйымдардың, мәдениет пен бизнес саласының өкілдері, сондай-ақ АҚШ-тағы қазақ және түркі диаспоралары қатысты. Басқосуды АҚШ-та федералдық деңгейде тіркелген Qazaq American Qaganat (QAQ) және Turan American Qaganat (TAQ) ұйымдары ұйымдастырды.

Жиынның басты ерекшелігі – оның тек мәдени шара шеңберінде қалмай, дипломатиялық өкілдіктерді, диаспоралық ұйымдар мен бизнес қауымдастығын бір алаңға тоғыстыруында.

Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Венгрияның АҚШ-тағы дипломатиялық өкілдіктері мен Нью-Йорктегі консулдықтары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Мәдени-гуманитарлық және экономикалық байланысты кеңейтуге бағытталған меморандумға да қол қойылды.

Құжатта мәдени фестивальдер, көрмелер, конференциялар, білім беру жобаларын бірлесіп өткізу және іскерлік байланыстарды дамыту көзделген. Яғни диаспоралық бастамалар енді жеке жобалар деңгейінен тұрақты институционалдық әріптестікке қарай бет алып отыр.

1 465 өтінім: домбыраның АҚШ-тағы жаңа аудиториясы

Саммит аясында Altyn Dombyra USA – 2026 Challenge халықаралық челленджінің жеңімпаздары марапатталып, Qaganat Ethno Village халықаралық жобасы мен Qaganat Card мүшелік картасы таныстырылды.

АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығы мен Қазақстандағы Ұлттық домбыра күніне арналған челленджге әлемнің әр түкпірінен 1 465 бейнеөтінім түскен.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта ерекше баланы ұрған маман жұмыстан шығарылды

berdaly_oraz

Шымкентте есірткіні жасырын орналастырушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 1 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

Redaktor Arysinfo