ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ БАҚЫЛАУДА: ЖАУАПТЫЛАРҒА НАҚТЫ ТАПСЫРМА БЕРІЛДІ

Түркістан облысында қоғамдық-саяси ахуалға қатысты кезекті апталық штаб отырысы өтті. Жиын облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен ұйымдастырылды.

Кеңеске құзырлы органдардың басшылары, жауапты басқарма жетекшілері және аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Күн тәртібінде өңірдегі өзекті мәселелер мен қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысты мәселелер қаралды.

Жиында жауапты сала басшылары мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

Басты назар – жағдайды алдын ала бақылау мен туындауы мүмкін мәселелердің алдын алуға аударылды. Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы жауапты тұлғаларға қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Өңірдегі тұрақтылықты сақтау, халықпен кері байланысты күшейту және өзекті мәселелерді дер кезінде шешу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Мас жүргізуші үш адамның өмірін жалмады: Арыстағы қайғылы оқиға қоғамды дүр сілкіндірді

Redaktor Arysinfo

АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Зеленский Ұлыбританияның жаңа премьер-министріне алғыс айтты

berdaly_oraz