Арыста қараусыз жүрген малдың иесіне айыппұл салынды

Арыс қаласында қараусыз жүрген мал тағы да қоғам назарын аударды. Тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, жол қозғалысына кедергі келтірген төрт түліктің иесі жауапкершілікке тартылды.

Арыста көшеде қараусыз жүрген мал анықталып, оның иесіне әкімшілік шара қолданылды. Тиісті мамандар мал иесін анықтап, заң талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл салған.

Қараусыз жүрген мал — жай ғана ауылдың көрінісі емес. Ол жол-көлік оқиғасына себеп болып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Әсіресе қараңғы уақытта жолға шығып кеткен малдың соңы қайғылы жағдайға ұласуы ықтимал.

Төрт түлік ұстаған әр азамат малын қараусыз жібермеуге міндетті. Өйткені «мал өз бетімен жүре береді» деген немқұрайдылықтың артында адам өмірі мен қауіпсіздігі тұр.

Соғымның қамын ойлаған жақсы-ақ. Бірақ малды көшеге қаңғытып жіберіп, кейін айыппұл арқалау — қалтаға да, абыройға да салмақ.

Ұқсас жаңалықтар

«Один скан и минус деньги»: как мошенники используют поддельные QR-коды в сфере услуг

berdaly_oraz

Сарыағаш: Арман Абдуллаев кезекті қоғамдық қабылдау өткізді

berdaly_oraz

Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты іс-шарасы өтті

Redaktor Arysinfo