ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНЕ БАРДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданында қайта жаңғыртылып жатқан «Жібек жолы» кеден бекетіне кезекті рет барып, құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.

Облыс әкімінің бұған дейінгі сапары барысында айтылған ескертпелер назарға алынып, тиісті жұмыстар атқарылған. Қазіргі таңда нысанда құрылыс қарқыны сақталып, инженерлік инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталған. Бүгінде ғимараттың сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Маңызды нысанды биыл пайдалануға беру жоспарланған. Алты жолақты кеден бекеті іске қосылғаннан кейін тәулігіне 70 мың адамды, 2 мың автокөлікті және 200 автобусты өткізуге мүмкіндік береді.

Нұралхан Көшеров құрылыс сапасына баса мән беріп, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ нысанды пайдалануға беру барысында барлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді міндеттеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Redaktor Arysinfo

Шымкентте қоғамдық орынды ластаған тұрғындар жауапқа тартылды

Нұралхан Көшеров Түрікменстан Республикасының делегациясымен кездесті