ҒҰМЫРНАМА
Белгібаев Ақан Мүсірәліұлы, 1992 жылғы 1 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы, Ақдала ауылында дүниеге келдім.
Еңбек жолын 2016 жылы Түркістан облысы, Арыс қаласындағы «Қазтехнологиялар» акционерлік қоғамының «Утилизация орталығы» бөлімшесінде жұмысшы болып бастаған.
2016–2017 жылдары аталған мекемеде аймақтық инструктор-өрт сөндіруші қызметін атқарды.
2019–2020 жылдары Арыс қаласының «Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Арыс қаласының ветеринариялық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ит аулаушы болып жұмыс істеген.
2020 жылғы 3 маусымнан 8 қазанға дейін Арыс қаласы, «Дермене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман-статист, салық агенті міндетін уақытша атқарушы қызметін атқарды.
2020–2021 жылдары аталған мекемеде бас маман-статист, салық агенті қызметін атқарған.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысы, Арыс қаласы, «Дермене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарып келеді.
Отбасылы. Үш ұл және бір қыз тәрбиелеп өсірген.
Еңбек жолында өндірістік, ветеринариялық және мемлекеттік басқару салаларында тәжірибе жинақтаған. Ауылдық округ тұрғындарымен жұмыс жүргізу және жергілікті мәселелерді шешуге атсалысу бағытында тәжірибесі бар.
БЕЛГІБАЕВ АҚАН МҮСІРӘЛІҰЛЫНЫҢ
САЙЛАУАЛДЫ ТҰҒЫРНАМАСЫ
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сіздер маған сенім білдіріп, Ақдала ауылдық округі әкіміне сайланар болсам, ауыл тұрғындарының мүддесін басты назарға алып, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге бар күш-жігерімді жұмсаймын.
Менің басты мақсатым – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, ауыл шаруашылығын дамыту, инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындардың өзекті мәселелерін заң аясында шешуге ықпал ету.
1. Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту
Қазақстан Республикасы Президентінің реформалары мен жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын іске асыру мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға қолдау көрсетемін. Сүт және ет өнімдерін өндіруді арттыруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастырып, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін (АШӨК) дамытуға ықпал етемін.
2. Сүт кластерін қалыптастыру
Округте сүт өндіру бағытындағы шаруашылықтарды біріктіруге, өндіріс көлемін арттыруға және өнімді өткізу жүйесін қалыптастыруға жағдай жасауға күш саламын. Мемлекеттік қолдау шаралары мен жеңілдіктерге қол жеткізуге тұрғындарға түсіндіру және ұйымдастырушылық көмек көрсетемін.
3. Ішкі көшелерді жөндеу
Ауылдық округтегі ішкі көшелердің жағдайын жақсарту мақсатында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жоғары тұрған бюджетке тиісті ұсыныстар енгізіп, олардың жүзеге асуына ықпал етемін.
4. Көшелерді жарықтандыру
Ауыл көшелерін жарықтандыру мәселесіне басымдық беремін. Қажетті учаскелерге жарықтандыру жүйесін орнату және қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастырамын.
5. Тұрғындардың мәселелерін шешу
Ауылдық округ тұрғындарының мұң-мұқтажы мен ұсыныс-пікірлерін тұрақты түрде тыңдап, олардың заң шеңберінде шешілуіне ықпал етемін. Тұрғындармен ашық әрі тікелей байланыс орнатуды негізгі жұмыс қағидаттарының бірі ретінде ұстанамын.
6. Суармалы жерлерді тиімді пайдалану
Округ аумағындағы суармалы жерлердің тиімді игерілуіне тұрақты түрде зерделеу жүргізіп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің айналымға қосылуына және өнімділікті арттыруға жағдай жасауға күш саламын.
7. Кәсіпкерлерді қолдау
Жеке және заңды тұлғалардың мемлекет тарапынан ұсынылатын жеңілдетілген несиелер мен басқа да қолдау шараларына қол жеткізуіне құқықтық және ұйымдастырушылық тұрғыдан көмек көрсетемін.
8. Инвестиция тарту
Ауылдық округте ауыл шаруашылығы саласы мен жеке секторды дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыруға, жаңа жобаларды іске асыруға және инвестиция тарту жұмыстарын үйлестіруге басымдық беремін.
9. Ауылдың тұрақты дамуы
Ақдала ауылдық округінің әлеуметтік және экономикалық әлеуетін арттыруға, инфрақұрылымын жақсартуға және ауылдың көркеюіне бағытталған жұмыстарды тұрғындармен бірлесе отырып жүзеге асырамын.
Менің басты ұстанымым – халықпен бірге жұмыс істеу, әр тұрғынның мәселесіне жауапкершілікпен қарау және нақты нәтижеге қол жеткізу.
Түркістан облысы Арыс қаласы Ақдала ауылдық округінің әкіміне үміткер Белгібаев Ақан Мүсірәліұлының сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.
