ТАЗАЛЫҚ – ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ, ОРТАҚ МІНДЕТІ!

Түркестан облысы ақсақалдар алқасының үндеуі

Құрметті Арыс қаласының тұрғындары, мекеме, кәсіпорын және кәсіпкерлік нысандардың басшылары мен иелері!

Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ құндылық. Қоршаған ортаны таза ұстау әр азаматтың мәдениеті мен елді мекенге деген жанашырлығынан басталады. Таза аула мен көрікті көше – халықтың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруінің маңызды кепілі.

Осыған орай, әр тұрғынды өз үйінің айналасын таза ұстауға, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығаруға, аулаларда арамшөп пен шөптің шамадан тыс өсуіне жол бермеуге және санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз.

 2026 жылғы 1 шілдеден бастап үй маңындағы тазалық пен санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сондықтан тазалықты тек талап немесе міндет ретінде емес, туған жерге деген құрмет деп қабылдайық. Әрқайсымыз өз ауламыздың, көшенің және қоғамдық орындардың тазалығына жауапкершілікпен қарасақ, қаламыздың көркі де арта түседі.

Таза аула – көрікті көше – ажарлы Арыс!

Тазалықты бірге сақтайық,
қаламыздың көркеюіне бірге ат салысайық!

Ізбасар Назаров,

Арыс қаласының құрметті азаматы 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ МАҢЫН ТУРИЗМ МЕН МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

berdaly_oraz

Арыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды

Redaktor Arysinfo

Өңірде жаңа жобалар мақұлданды