ҚАЛА БАСШЫСЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Арыс қаласында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында қала аумағы 17 секторға бөлініп, әр секторға мемлекеттік мекемелер бекітілген. Сектор топбасшылары өздеріне қарасты аумақта тазалықтың тұрақты сақталуына жауапты.

Қала әкімі Қайсар Маңқараев сектор топбасшыларымен кезекті жиын өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын талқылады. Жиында әр сектордағы санитарлық тазалықтың жай-күйі қаралып, анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті ескертулер берілді.

«Алда қала күнін атап өтеміз. Осыған орай әр сектор өзіне бекітілген аумақтың тазалығын жіті бақылауы қажет. Сонымен қатар тұрғын үйлердің иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тазалықты сақтауға ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыруға басымдық берілсін», – деді қала басшысы.

Сонымен қатар қоқысты белгіленбеген орындарға тастау фактілерінің алдын алу, заң талаптарына сәйкес шаралар қабылдау және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде аудандық полиция бөлімі мен жауапты бөлім басшыларына бірқатар тапсырма берілді.

Жиын соңында Қайсар Маңқараев барлық сектор топбасшыларына бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын күшейтіп, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды және тиісті шараларды жедел қабылдауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АРЫС ҚАЛАСЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Redaktor Arysinfo

«Ордабасы» командасының ойыншыларына заңсыз бонус берілген

Өмірді сақтайтын қарапайым қадамдар

berdaly_oraz